Өскеменде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандарына пәтер берілді
Өскеменде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандарына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жемқорлыққа қарсы күреске атсалысып, жүйелі жұмыс жүргізген әртүрлі сала мамандарын алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында әріптестеріміз – облыстық «Didar» газетінің шолушысы Айна Бәкімбаева мен «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Ерік Әбитов бар.
Сондай-ақ жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаев департаменттің 5 қызметкеріне пәтер кілтін табыс етті.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгін ғана басталған жоқ. Жылдар бойы жалғасып келеді және жалғаса береді. Осы ретте аталмыш салада өнімді еңбек етіп жүрген қызметкерлерге әрқашан рухани және материалдық қолдау көрсетуіміз керек, – деді Алик Шпекбаев.