KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1,3 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты байқауға өтінім қабылдау жүріп жатыр

29.08.2023, 17:19 128 ALTAINEWS

«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауы өткізіліп жатыр. 

Байқауға қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындайды.

Байқауға екі номинация бойынша, яғни «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2023 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Халықаралық конкурстың ережелерімен толығырақ https://www.anticorruption.life/ ресми сайтынан танысуға болады.

Аталмыш байқау қорытындысы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай шығарылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив