KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да ҰБТ-ға сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мамандары қатысады

14.01.2020, 04:05 367

Шығыс Қазақстан облысында 16-20 қаңтар аралығында Ұлттық бірыңғай тест өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бес күн ішінде Өскемен, Семей қалаларында, Күршім, Үржар, Аягөз, Зайсан, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай және Көкпекті аудандарында тестілеу жүреді. Бұл жолы ҰБТ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары бақылаушы болады.

– Емтихан барысында ашықтық пен тазалықты қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшелері, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары ҰБТ бақылаушылары болады, – деп мәлімдеді ШҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу