KZ
Өскемен
-33°
туман жел 1 м/с, С
517.84 543.11 5.28

"Өскемен-Рахман қайнары" тас жолы учаскесінің құрылысы келесі жылы аяқталады

20.11.2020, 18:03 314

Қазір жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуде. Аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда, бұл жолдың құрылысын жүргізетін мердігер компания табылмай отыр деп айтуға келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, құрылысты бастапқыда алматылық "BI GROUP" компаниясы қолға алған болатын. Алайда, кейіннен жерді мемлекеттік қордан шаруашылық қызметке беру мәселесі туындады. Облыс билігі өз тарапынан қажетті шаралардың барлығын қабылдап, заңнамамен талап етілетін барлық рәсімдерді орындады. Алайда, жерді беру мәселесін қарау, құзырлы министрлікте ұзаққа созылды. Қазір барлық рәсімдер аяқталды. Өңір басшысының айтуынша, жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуде. Яғни, келесі жылы аталған объектіде құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу