KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желілермен жұмыс істеуді тапсырды

27.03.2019, 11:23 294

Президент әкімдерге халықтың сұранысына жедел жауап беруді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Ақорда сайтына сілтеме беріп.


– Біз халықтың әлеуметтік мұқтаждығын қашан да біліп және оларға жағдай жасап отыруға міндеттіміз. Әкімдер халықтың сұранысына жедел жауап беріп, тез арада қажетті шараларды атқаруы керек. Әлеуметтік желілерден топ құрып, жүргізіп отырған саясатымызды түсіндірген жөн. Бүгінде Республикадағы 17 әкімдіктің төртеуінде ғана кері байланыс жасайтын орталық бар. Ал мобильді тексеруді 7 аймақ қана іске асырып отыр, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.


– Халықтың билікке деген сенімі оның нақты іс-әрекетіне қарай артады. Халық ішін жиі-жиі аралап, жағдайларын көзбен көру керек, – деп қосты мемлекет басшысы.


Халықпен тығыз жұмыс істейтін шенеуніктер үшін Мемлекеттік басқару академиясының жанынан курс ашу тапсырылды.


– Халықпен байланыс жасаудың жаңа үлгісіне көшкен жөн. Бұл курс ауылдық әкімдіктен бастап облыс әкімдігіне дейінгі аралықтағы бәріне қатысты, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу