KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Елімізде ХҚКО-лар жылжымайтын мүлік қызметтерін 5 күнге уақытша тоқтатады

Фото: ашық дереккөз

5.05.2023, 21:37 364

Бес күн ішінде Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу, сондай-ақ тіркеуге отыру қызметтері уақытша тоқтатылады.

Жүйе демалыстан кейін, яғни 10 мамырда ғана қайта жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Мұндай үзіліс "Жылжымайтын мүлік тізілімі" дерекқорын Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына көшірумен байланысты. Жер және жылжымайтын мүлік қызметтері eGov.kz порталы, нотариустар, салық қызметі, банктер және сот орындаушылары жүйесінде онлайн режимінде қолжетімсіз болады.

– Қызметтердің қолжетімсіздігі тек 5-9 мамыр аралығында байқалады. Жалпы қызметтердің қолжетімсіздігі тек бір жұмыс күні ғана болады, қалған күндер мерекеге сәйкес келеді. Бұл азаматтарға ыңғайлы болуы, жаңа ақпараттық жүйеге көшудің байқалмауы және ауыртпалықсыз өтуі үшін жасалады, – деп түсіндірді "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы жылжымайтын мүлік департаменті директорының орынбасары Нұргүл Кенжебаева.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив