KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2 м/с, В
441.66 475.14 4.86

ШҚО-дағы ХҚКО-лар кейбір қызмет түрлерін уақытша тоқтатады

24.04.2023, 09:52 213 Оразай Жеңісұлы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО-лар қызмет түрлерінің бір бөлігін уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық тексеру саласында қызмет түрлерін көрсетпейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы әрі құжаттарды жеткізу мерзімінің ұзақтығына байланысты ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады. Қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады.

Сонымен қатар 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылады. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.

– Жаңа жүйеге көшу мереке күндері ұйымдастырылады. Айта кетейік, ЖМБМК-ға көшу кезінде жер учаскелерін ресімдеуге байланысты барлық жағдай кезең-кезеңімен цифрланады. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін көрсету, оның ішінде жаңа және қолданыстағы учаскелер бойынша түзету енгізу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қаупіне жол бермеу мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті ресімдеу заңнама тұрғыда қарастырылады, – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив