KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

Жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызмет қолжетімсіз болады - ШҚО

18.04.2023, 09:36 364 Ләззат Қанатқызы

ШҚО тұрғындары үшін жылжымайтын мүлік желісі бойынша мемлекеттік қызметтер 26 сәуірден бастап 9 мамырға дейін қолжетімді болмайды.

​«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуіне байланысты жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер көрсетуге өтінімді қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

​"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы 2023 жылғы 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің ХҚО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтінін хабарлайды. Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы әрі құжаттарды жеткізу мерзімінің ұзақтығына байланысты ХҚО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады.

Айта кетейік, қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады. 

​Сонымен қатар биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.

​Еске сала кетейік, 2023 жылдың 5 сәуірінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Мемлекеттік корпорация жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметті көрсетуді автоматтандыру мақсатында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін іске қосу жүріп жатыр. Ақпараттық жүйе екі дерекқордан алынған мәліметтерді қамтиды. Олар:  «жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Деректер базасынан барлық ақпаратты көшіру аяқталғаннан кейін олар жойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу