KZ
Өскемен
-34°
туман жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне оқытудың тиімді әдістері үйретілді – ШҚО

Фото: ШҚО білім басқармасы

9.01.2024, 14:01 417

Орыс тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «2023 жылдың үздік мұғалімі» Бақытгүл Көшерова шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ШҚ "Өркен" аймақтық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен Шемонаиха және Глубокое ауданының мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдері үшін «Оқытудың тиімді әдістері-оқушыларды мемлекеттік тілге оқытуды ынталандыру құралдары" тақырыбында шеберлік сабақтары өтті.

Ауыл мектептерінің мұғалімдері қазақ тілін оқыту саласындағы педагог-зерттеуші, "Үздік тіл пәндерінің мұғалімі - 2023" байқауының жеңімпазы, Риддердегі №2 орта мектебінің мұғалімі Бақытгүл Көшерованың озық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу