KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 4 м/с, ОБ
441.41 477.78 4.84

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермек

4.04.2024, 21:03 44 Айжанат Бақытқызы

Қырғызстан президентінің тапсырмасы бойынша ресми Бішкек Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Акылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан Бішкек қаласындағы жылу-электр орталығында болған апаттан кейін көмек қолын созған. 

«Олар (Қазақстан – автор) көмек сұрамаса да, біз гуманитарлық көмек жөнелтеміз. Бұл ретте мен Өзбекстан, Түркіменстан және Қазақстанға алғыс білдіремін. Бұл елдер біз көмек сұрамаған кезде де бізге қол ұшын созып, жәрдемге келді», – деп атап өтті Акылбек Жапаров. 

Оның сөзінше, қазір Қырғызстан президентінің тапсырмасына сәйкес, көмек керуені дайындалып жатыр. Оған жауапты орган – елдің Төтенше жағдайлар министрлігі. Қазақстанға тек Қырғызстанда өндірілген отандық өнімдер жіберілмек. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив