Өскеменге Украина мен Германиядан гуманитарлық көмек келді
Өскеменге Украина мен Германиядан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жүктің қабылдануын ШҚО жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қадағалады.
Бүгін Украина мен Германиядан гуманитарлық көмек келді. Медициналық маскалар, ибупрофен және өзге де медициналық препараттар, оттегі концентраторлары облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді, – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Мамандар барлық тауарды «гуманитарлық көмек – тегін» деген арнайы мөрмен таңбалады.
Оқи отырыңыз