ШҚО-да бес мыңнан астам кәсіпорында ұжымдық шарт бар
фото: depositphotos.com
Өңірде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, ұжымдық шарттар жасасу жұмыстары бәсеңдеген емес.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров мәлім еткендей, қазір өңірдегі ұжымдық шарттары бар кәсіпорындардың саны 5 431-ге жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл – есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың шамамен 75,2 пайызы. Осы ретте, ірі және орта бизнес субъектілері 100 пайызға, ал шағын бизнес нысандары 69,7 пайызға қамтылғанын айтқан абзал.
Айта кету керек, қазір цифрландыру аясында мемлекеттік еңбек инспекторларымен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек кітапшаларын цифрландыру және HR Enbek жүйесінде электронды еңбек шарттарын тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.