Пештегі жарықшақ салдарынан Өскемен тұрғыны иіс тиіп уланды
Фото: Өскемен тұрғыны иіс тиіп уланды
Өскемен қаласының тұрғыны пештегі жарықшақ салдарынан көміртегі тотығымен уланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«15 сәуірде Өскемен қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны көміртегі тотығымен улану белгілерімен медициналық мекемеге түсті. Белгілі болғандай, Бажов көшесіндегі отпен жылынатын үйдің пешінде жарықшақтары болған. Соның салдарынан көміртегі тотығы бүкіл үйге таралған», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
ШҚО Төтенше жағдай департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жарықшақтары бар пештерді пайдаланбауды және пештің мұржасын уақтылы тазалау қажеттігін ескертеді.
Оқи отырыңыз