KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да бір отбасы көмір түтінінен уланып қалды

29.03.2023, 20:11 270 Мадина Амангелдіқызы

Жылыту кезеңінің басталуымен көміртегі тотығымен улану қаупі артады. ШҚО-ның Глубокое ауданында пештегі жарықтар жазатайым оқиғаға себеп болды.

Оқиға 28 наурызда Глубокое кентінде болған.  Жеке тұрғын үйде адамдар көмір түтінінен уланып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Салдарынан осы үйдің қожайыны мен оның екі баласы ауруханаға түсті. 

Айта кетсек, 2023 жылдың қаңтар айында құтқарушылар профилактикалық рейд жүргізіп, ұсыныстар мен нұсқаулықтар берген екен. Алайда үй иесі оны елемей, жарықтары бар пешті ары қарай пайдалануды жалғастырған көрінеді.

ШҚО-да  ТЖД құтқарушылары көміртегі тотығымен улану мен тұрғын үйдегі өрттің алдын алу үшін ағымдағы жылдың басынан бері 36 000-нан астам тұрғын үйді аралап, күн сайын өңірде 68 000-ға жуық тұрғынға нұсқау таратқан. Тұрғын үйлерде жиі кездесетін бұзушылықтар: мұржаларды уақтылы тазаламау, пештерде жарықтардың болуы, желдетудің нашарлығы және т.с.с

ТЖ мамандары халыққа пешті сауатты, ең бастысы, қауіпсіз пайдалану қажет екенін ескертеді.

Пешті тазалау 3 айда кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс.Өлшемі кемінде 50-ден 70 см-ге дейін металл (пешке дейінгі) тақташа орнатылуы тиіс.

Пешті жылыту кезінде:

  1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балаларға қадағалауды тапсыруға;

 2) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

 3) пештерді қыздыруға;

 4) пеш пен түтін мұржаларының бетінен 0,5 м кем қашықтықта жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) кептіруге;

 5) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды пайдалануға;

6) желдету және газ құдықтарын түтін мұржалары ретінде пайдалануға;

 7) ақаулары мен жарықтары бар пештерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив