Ауыл тұрғындарының улануына басты себеп – тазартылмаған мұржа

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ұлан ауданындағы Ақтөбе ауылында көмірмен жылытылатын пештің ақаулығы, атап айтқанда, уақытында тазартылмаған мұржа көміртегі тотығымен улануға әкеп соқтырып, салдарынан 1984 жылы туған үй иесі мен 1980 жылғы ағасы ауруханаға жатқызылды.
ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тұрақты ескерту жұмыстарына қарамастан, тұрғындар үйлерінің қауіпсіздігі тек өздерінің жауапкершілігінде екенін түсінуі керек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Иелердің әрқайсысы өз мұржасын тазалап, тұрғын үйді өртке қарсы дайындыққа келтірмейінше, мәселе шешілмейді.
Құтқарушылар адамдар өз өмірін сақтау үшін мыналарды орындау қажет екенін ескертеді:
- пешті 3 айда кемінде 1 рет тазалау;
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау;
- қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданбау;
- от жағуды ұйқыға жатардан бірнеше сағат бұрын аяқтау, ысырманы жаппау;
– желдетуді тексеру.
Тарту күшінің болмауы көміртегі тотығымен улануға әкелуі мүмкін. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөміріне хабарлаңыз, деп ескертеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.