KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Жылыту маусымына жазда дайындалу қажет

Фото: gov.kz

2.08.2023, 13:30 179

ШҚО ТЖД дерегінше, жылыту кезеңінде пеш орнатылған жеке тұрғын үйлерде өрт пен көміртегі тотығымен улану жағдайы көбейеді.

Өткен маусымда облыста 296 өрт және көміртегі тотығымен уланудың 22 дерегі тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандары өрттің алдын алу үшін азаматтарға пешті қазірден дайындау керегін ескертеді.

– Жылыту пешінің сыртын және ішін мұқият тексеру қажет, бөліктерінде ақаудың жоқ екеніне көз жеткізу керек. Қажет болған жағдайда мұржа және жылыту пешін сылау қажет.

– Жылыту маусымы басталар алдында және кемі 3 айда 1 рет мұржа мен пешті тазалаған жөн.

- Пештің есігі дұрыс жабылуын тексеру қажет.

От тұтанған кезде пешті қараусыз қалдыруға, отын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдына қоюға, от жағу үшін бензин, керосин, дизель отыны және басқа да тез тұтанатын заттар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға, желдету арналары мен газ арналарын мұржа ретінде пайдалануға, пешті қатты қыздыруға болмайды.

Төтенше жағдай кезінде "101" және "112" нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу