ШҚО-да жыл басынан бері үш адам көміртегі тотығымен уланған
Фото: ortcom.kz
Өткен жылы Шығыс Қазақстанда көміртегі тотығымен 35 адам уланған, оның 12-сі бала. Бұл 2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,4 есеге көп.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ал 2024 жылдың басынан бері көміртегі тотығымен үш адамның уланғаны белгілі болды. Оқыс оқиғалардың бірі Өскемен қаласында, тағы бірі Глубокое ауданында болған.
Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда улану фактілері 2,3 есеге азайған (2023 жылы – 7 оқиға тіркелген).
Басқарма өкілі атап өткендей, қазіргі уақытта профилактикалық іс-шараларға ерекше мән берілуде. Күн сайын ТЖД гарнизонының жеке құрамы азаматтарға пешті қалай дұрыс пайдалану және бақылау керектігін түсіндіру мақсатында аулаларды аралайды екен. Бүгінге дейін 130 мыңнан астам үй тексеріліпті. Тексеріс барысында 22 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі анықталғаны белгілі болды.
Нұржан Кенжеұлы