KZ
Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
514.93 536.04 5.18

Биыл студенттердің шәкіртақысы қаншаға өседі?

17.04.2024, 12:52 129 Қызырбек Дүргінбайұлы

Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Шәкіртақының өсу көлемі сұраныстаға мамандықтарға байланысты әртүрлі болмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қаулы жобасында көрсетілгендей стипендия 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өспек. Ал 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендия тағы да өседі.

– Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер

 – 47 135 теңге;

– Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;

– Интерндерге – 85 376 теңге;

– ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;

– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;

– «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;

– «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;

– Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;

– Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;

– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.

Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне мінеді деп жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу