Шәкіртақы өседі: 41 мыңнан 111 мыңға дейін
Көрнекілік сурет
Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлеу ережелеріне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.
Министрлік әзірлеген құжат 4 мамырға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құжатқа сәйкес:
- Педагогикалық даярлық бағыттары мен «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге – 41 898 теңге (қазір 36 660 теңге);
- ЖОО-да педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттерге – 67 200 теңге (қазір 58 800 теңге);
- «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге – 67 200 теңге (қазір 58 800 теңге);
- Интерндерге – 75 890 теңге (қазір 66 403 теңге);
- Магистранттарға – 97 024 теңге (қазір 86 987 теңге);
- «Назарбаев университетінде» оқитын магистранттарға – 181 250 теңге (қазір 162 500 теңге);
- Докторанттарға – 217 500 теңге (қазір 195 000 теңге);
- «Денсаулық сақтау» даярлық бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге (қазір 195 000 теңге);
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңге (қазір 100 036 теңге);
- ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген сот төрелігі академиясының магистранттарына – соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктілігі бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге (қазір 21 787 теңге);
- Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 31 422 теңге (қазір 20 948 теңге).
Оқи отырыңыз