KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Үлкен Нарын ауданында үш қазандық жөнделеді

6.05.2024, 09:24 249 ALTAINEWS

Аудан орталығы - Үлкен Нарын ауылында үш жылу көзі орналасқан. №2 қазандық 1966 жылдан бері жұмыс істейді. Ол бес көпқабатты үйді, он жеке тұрғын үйді және бес заңды тұлғаны, сонымен қоса әлеуметтік мекемелерді жылумен қамтамасыз етеді. Ал 1974 жылы салынған №3 қазандық Агроколледждің алты корпусын және төрт көпқабатты тұрғын үйді жылытады.

Орталық қазандық 2015 жылы қолданысқа берілген. Оған 20 көпқабатты тұрғын үй, 55 заңды тұлға, 23 бюджеттік мекеме және 43 жеке тұрғын үй қосылған.

Жуырда жылумен қамту мекемелерінің жағдайын арнайы комиссия тексерді. Егжей-тегжейлі жүргізілген тексеру жылу көздерінің жөндеуді қажет ететіндігін көрсетті.

Мамандар қазандықтарды жөндеуге 114 831,857 мың теңге, қазандықтардың ғимаратын жөндеуге 21 672, 713 мың теңге көлемінде сметалық құжаттама әзірледі. Бұл қаржыға қондырғыларды жаңғыртумен қатар қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жақсарту да қарастырылған. Мәселен, жұмысшылардың жуынатын, демалатын, киініп, шешінетін бөлмелеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қазандық ғимаратының жарығын ауыстыру жоспарланған.

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тиісті жұмыстарды облыс қазынасынан қаржыландыруға бюджеттік өтінім беріліп қойған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив