Су тасқыны: ШҚО әкімі Үлкен Нарынның дайындығын тексерді
Өңір басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Үлкен Нарын ауданында барып, тасқынға дайындық жұмыстарының барысын бақылады.
Сонымен қатар аймақ басшысы жылу қазандығының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еске салайық, наурыз айының соңында Үлкен Нарын ауылында 11 үйдің ауласын су басты. Бірақ осы жағдайдың салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін ауыл сыртындағы арық тереңдетіліп, екі шақырымдық айналма канал қазылады.
Ал жылу қазандығының жұмысы қалыпты. Дәл қазір жүзге жуық баспана мен мекеме қосылған төрт қазандық жұмыс істеп тұр.
Биыл қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізу жоспарда бар.