Жаңа Ахмердегі қазандық жөнделді
Өскеменнің Жаңа Ахмер кентінде орналасқан қазандық қала теңгеріміне берілгеннен кейін жөндеуден өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Осы жылы ғимарат пен алты қазандығы алғаш рет жөнделіп, жылу жүйелері ауыстырылды. Кенттегі 11 үйдің тұрғындары жылумен қамтамасыз етілді, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Айта кетсек, бұған дейін қазандық Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болған және жұмысы тоқтап тұрған еді. Сондай-ақ, ол 1972 жылдан бері жөндеу көрмеген
Оқи отырыңыз