Ауыз су мәселесі екі жыл ішінде шешіледі – ШҚО
фото: theghanareport.com
Өңір тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесін толық шешу үшін жалпы сомасы 17,5 млрд теңге болатын 16 жоба қолға алынған.
8 жоба биыл іске асырылса, жалпы сомасы 12,8 млрд теңге болатын қалған 8 жоба 2025 жылы іске асырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы бүгін мәслихат сессиясында өңір басшысы Ермек Көшербаев мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Қазіргі күні Шығыстағы 356 ауылдың 342-сі ауыз сумен қамтамасыз етілген. Яғни ауыл тұрғындарының 97,5 пайызы таза ауыз сумен жабдықталып отыр.
Облыс бойынша 19 елді мекен ауыз су тартылмаған.