Бокстан лицензиялық турнирде Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?
t.me/committee_sport
Париж Олимпиадасының жолдамасына таласуға қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен кімдер баратыны белгілі болды.
Лицензиялық турнир 4-12 наурыз күндері Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйеніп.
Оған 114 елден 668 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Солардың арасында Қазақстанның намысын қорғауға 11 спортшы барады деп жоспарлануда.
Ерлер құрамы:
- 51 келі: Сәкен Бибосынов
- 57 келі: Махмұд Сабырхан
- 63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
- 71 келі: Асланбек Шымбергенов
- 80 келі: Нұрбек Оралбай
- 92 келі: Айбек Оралбай
Әйелдер құрамы:
- 50 келі. Алуа Балқыбекова
- 54 келі. Жайна Шекербекова
- 60 келі. Римма Волосенко
- 66 келі. Наталья Богданова
- 75 келі. Валентина Хальзова
Ерлерде 28 жолдама, әйелдерде 21 жолдама үлестіріледі.
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.