Инженерлердің жаңа буынын даярлайды
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде инженерлік білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Бүгінде аталмыш оқу орны инженер кадрларының ұстаханасына айналған. Кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлесе кадр даярлауда да техникалық университеттің тәжірибесі мол, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көшпелі отырысқа еліміздің 52 техникалық жоғары оқу орнының ғалымдары, Ғылым және жоғары білім министрлігінің және өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері офлайн және онлайн режимде қатысты.
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік білім беру моделін әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл бағытта еліміздің техникалық жоғары оқу орындары жұмыла қызмет етуге тиіс. Қазіргі уақытта біз Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетімен бірлесіп Тұжырымдаманың негізгі бөлігі болып саналатын инженерлік білім беру моделін әзірлеп жатырмыз. Бүгінгі отырыста баршамыз біріге талқылап, түзетулер енгізіп, бекіту үшін республикалық оқу-әдістемелік кеңеске ұсынылатын тұжырымдамаға қол қоюды жоспарлап отырмыз, - деді Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина.
Оқи отырыңыз