KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Мемлекет басшысы журналистерді БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

28.06.2024, 12:00 53 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі.

«Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді»,-деді Президент.

Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер, деп атап өтті президент.

«Болашақта да елдік мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін. Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

27 маусымда Қ.Тоқаев журналистер мен БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар табыстағаны белгілі.

БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мемлекеттік саясатты түсіндіруде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив