Погон таққан спортшы: ШҚО полицейі ел чемпионатында топ жарды
Астана қаласында 22 маусым мен 2 шілде аралығында өткен әмбебап жекпе-жектен ел чемпионатында өңір намысын қорғаған облыстық полиция департаментінің қызметкері Ринат Махмұтов 62 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсылас шақ келтірмеді.
Байрақты бәсекеде 13 облыстан 10 түрлі салмақ дәрежесінде 150 спортшы күш сынасты,
Спортпен бала кезінен айналысқан, талай рет жеңіс туын желбіреткен тәртіп сақшысының қоржынында бір емес, бірнеше жеңіс бар.
– Айта кетейік, полиция капитаны Ринат Махмұтов қоян-қолтық және әмбебап жекпе-жектен, ММА, Жекпе-жек, Nomad ММА, Кудо және жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол сондай-ақ жауынгерлік самбодан Азия кубогының қола жүлдегері (2022 ж. Ақтау қ.), қоян - қолтық жекпе-жектен Әлем кубогының қола жүлдегері (2022 ж., Мәскеу қ.) және бұған қоса қоян-қолтық жекпе-жектен ІІМ чемпионы, – деді облыстық полиция департаментінде.
Крап беретінің иесі спорт ол үшін жай ғана хобби емес, нағыз өмір салты екенін, спорт оған Ішкі істер органдарында қызмет етуге көмектесетінін айтты.
Оқи отырыңыз