KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Шығысқазақстандық полицей әлем чемпионы атанды

23.11.2021, 13:23 126

11-13 қарашасы аралығында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян- қолтық ұрысынан өткен «Әлем чемпионатында» топ жарып, еліміздің көк байрағын желбіреткен жерлесіміз ШҚО Полиция департаментінің қызметкері Саметаев Айбек Мұратұлы чемпион атанды.

Халықаралық  дүбірлі додада ұлттың намысын ту еткен чемпионды  туыс-туған,  жақындары, достары мен әріптестері әуежайдан қошеметпен қолпаштап күтіп алды. 

Чемпионатқа әлемнің 31 мемлекетінен іріктелген 250 спортшы қатысқан.

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.49.19 (1).jpeg

Жылдар бойғы еңбектенген Айбек 85кг салмақ дәрежесінде қоян- қолтық ұрысы бойынша спарингке шығып, кәсіби шеберлігінің нәтижесінде өз салмағында чемпион атанып, әлемдік деңгейдегі өткен спорттық додада әнұранымызды әуелетті.

Айбек Саметаев 1986 жылы 20 тамызда ШҚО Аягөз қаласында дүниеге келген.Жастайынан спортқа жақын түрінен«Евразия чемпионатының» жеңімпазы, әскери самбо күресінен «Әлем кубогінің финалисі» және «Азия чемпионатының» жүлдегері, қоян-қолтық ұрысынан «Азия чемпионатының» жүлдегері және «Әлем чемпионаты кубогінің» жүлдегері атанған.

- Жарыс өтеді дегеннен бастап барлығымыз уайымдаймыз, ұйықтамаймыз. Бала-шағамызбен Айбектің жеңіске жетуін тілеп, тақым қысып отырдық. Аллаға мың да бір шүкір осындай күнге жетіп жатқанымызға,- деді жұбайы Камшат Саметаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив