15 жыл бұрын адам өлтірген қазақстандық сотталды
Фото: depositphotos.com
2024 жылдың 11 шілдесінде Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 15 жыл бұрын танысын өлтірген ер адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Altainews.kz сайты Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап.
2009 жылдың 6 шілдесінде сотталушы Б. мен оның танысы арасында жанжал туындап, оның барысында ол павлодарлық К-ны қылқындырып өлтіріп, кейін оның денесін көлге батырып жіберген.
Прокурор сотталушыны осыдан кейін жасалған басқа қылмыстармен қоса 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленуші тарап мемлекеттік айыптаушымен келісті. Бірақ сотталушының өзі адам өлтірудегі кінәсін мойындамады. Б.-ның кінәсі сотталушының өзінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.