Өскеменде пара алған полицей 3 жыл 6 айға сотталды
шартты сурет
2023 жылғы 17 мамырда Өскемен қалалық №2 сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен айыпталған, яғни лауазымды тұлғаның пара берушінің пайдасына заңсыз әрекетсіздігі әрі өзіне қомақты мөлшерде ақша түріндегі пара алғаны үшін Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Соттың анықтауынша, Н. учаскелік инспектордың көмекшісі бола тұра, М-дан Өзбекстан Республикасының басқа да азаматтарының Қазақстан Республикасында уақытша тіркелген мекенжайы бойынша тұрмайтындығы туралы анықталған фактілерді көші-қон қызметіне тиісті рапортпен хабарламағаны үшін 100 000 теңге пара алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясы айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.