KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Семейде таксисті өлтірген қылмыскердің аппеляциялық шағымы қаралды

13.11.2019, 10:56 219

2018 жылдың 4 ақпанында Семейде 62 жастағы таксистті асқан айуандықпен өлтіріп кеткен болатын. Қылмыскерге 10 ай бойы іздеу салынып, ақыры Бесқарағай ауданы Кривинка ауылының 30 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Сот шешімі бойынша, оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда қаскөй үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым берген екен, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Қылмыс болған күні Б.Жұмабеков таңертең өзінің жеке көлігімен 1-ші ықшам ауданынан жолаушыны алып кетеді. Сағат 10.00-ға таяу үйге қайтамын деген таксист хабарсыз кетеді. Туыстары бірнеше сағат бойы оның телефонына қоңырау шалған. Жауап ала алмаған соң полицияға хабарлайды.

Жұмабековтың мәйіті 5 ақпан күні Батыс өнеркәсіптік торабының ауданынан өз көлігінде табылған.

Қылмыстық іс қозғалып, қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі 10 ай бойы қылмыскерді іздейді. Ақыры Бесқарағай ауданына қарасты Кривинка ауылының 30 жастағы тұрғыны В.Кремер тұтқындалды. Ол кінәсін толық мойындайды. Таксист екеуінің арасында жол ақысына қатысты жанжал туындап, Кремер оны азаптап өлтірген екен.

Осы жылдың сәуір айында ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Кремер 13 жылға сотталған болатын. Алайда айыпталушы соттың үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым береді. ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы  үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу