KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
481.63 534.46 5.28

Ескі Австриялық жолдағы көпір жөнделіп жатыр

17.07.2024, 11:40 143 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің төрі – Катонқарағай ауданы. Туристер көп баратын аудандағы көрікті жерлердің бірі ескі Австриялық жолда орналасқан көпір көктемде құлап қалған болатын. Аудан әкімшілігі туристік маусымның маңыздылығын ескеріп, құлаған көпірді жөндеу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Altainews.kz  сайты.

Алтайдың төрін түгел аралап шығу әрбір шетелдік турист пен қазақстандықтардың арманы. Сондықтан да құлаған көпірді тез арада жөндеудің маңызы зор. Бүгінгі таңда құлаған көпірге қажетті материалдар жеткізілген.

– Бұған дейін ескі Австриялық жолда орналасқан көпірді жөндеуге дайындық шаралары қолған алынғанын жазғанбыз. Қазіргі таңда қажетті материалдар әкелініп, көпірді жөндеу жұмыстары басталып кетті, – делінген Катонқарағай ауданы әкімшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, осы жылғы көктемгі селдің салдарынан көпір сынып, істен шыққан болатын. Негізінен бұл нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің балансында есепке алынған. Дегенмен аудан әкімшілігінің көмегімен және қаражатымен көпірді жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив