KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да ескі туристік көпір жөнделеді

3.07.2024, 11:13 117 Айжанат Бақытқызы

Көпірді жөндеуге өңір кәсіпкерлері көмек көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл түскен қалың қарға шыдас бермей Катонқарағай ұлттық паркіндегі Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпір қирап қалғаны белгілі. Осы көпір арқылы Мұзтаудың етегіне баратын жаяу туристік маршруттар өтеді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәжілісінде аймақ басшысы Ермек Көшербаев аталған көпір өңірдің көрікті жерлерінің бірі екенін атап өтті. Ол аймақтың танымал туристік аймақтарының бірінде орналасқан, сондықтан қалпына келтіруді қажет етеді.

– Көпір шекара қызметінің балансында. Кәсіпкерлермен бірлесіп, оны жөндеуге мүмкіндік табу керек, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Облыс әкімінің айтуынша, кейін де мұндай жағдай туындамас үшін көпірді жөндегеннен кейін оның жай-күйін, әсіресе қыс мезгілінде қадағалап отыру қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив