KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығыс өңірі ет пен сүт өндіруден үздіктер қатарында

Фото: dauletten.kz

1.08.2024, 09:09 151 Нұржан Кенжеұлы

Биылғы алғашқы алты айда Шығыс Қазақстандағы ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 91,2 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ШҚО бойынша департаментінен хабарлағандай, 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда облыстағы ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 102,9 пайызды құрады. Осы ретте республикада өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің 5,8 пайызы біздің облысқа тиесілі екенін айтқан абзал.

Облыста мал шаруашылығы өнімінің де көлемі артқан (2,9 пайыз), ал өсімдік шаруашылығының көрсеткіштері былтырғы деңгейде қалған.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы ет өндірудің үлес салмағы бойынша республикада төртінші орынды иемденіп тұр екен. Ал сүт өндіруден облысымыз үздік бестікті түйіндеуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу