KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Өнім көлемі 4 млрд теңгеден асты – Күршім

30.04.2023, 11:37 339

Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов Аймақтық коммуникациялар қызметінде аудан бойынша 2022 жылдың қорытындысы мен 2023 жылға арналған міндеттер туралы жасаған баяндамасында жыл басынан бері тіркелген көрсеткіштерді жеткізді.

2023 жылдың бірінші тоқсаны бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 млрд 600,2 млн теңге сомасын құраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудан әкімінің дерегінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 4 млрд 600,2 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 103,3 пайыз.

Өндірілген ет көлемі 3%-ға, өндірілген сүт көлемі 3,6%-ға ұлғайған. 1 сәуірдегі деректерге сәйкес, ірі қара мал 80 236 бас, жылқы – 30 778 бас, қой мен ешкі – 156 374 бас, құс 43 003 бас болған.

Осы кезеңдегі негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі – 7 млрд 615,1 млн теңге. Қарқын 6 есе өскендігі байқалады.

Жыл басынан бергі өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 млрд 123,6 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 133,6%-ға жеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу