KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Шығыс өңірінен «Бірлік керуені» жолға шықты

4.09.2024, 11:21 139

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шығыс Қазақстан облысынан «Бірлік керуені» жолға шықты. Аймақтың белігілі спортшылары бастаған салтанатты керуен түбі бір түркі жұртының құт мекені – Төр Алтайдан аттанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алдымен олар бабалар жатқан Патшалар жазығына аялдап, әйгілі Мұзтаудың етегіндегі Көккөл сарқырамасына ат басын байлады. Осы жердегі қасиетті бұлақтан торсыққа су толтырып алып Астанаға жол тартты.        

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында әр өңірдің батырлары өздері алып келген қасиетті суды бір қазанға құйып, төрткүл дүниеге еліміздің бірлігін, тұтастығын және өзара ынтымақтастығын паш етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу