KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3,6 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Биыл Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді

15.01.2024, 21:11 172 ALTAINEWS

Түркияның Ыстамбұл қаласында еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын айтты.

 

Дирекция жетекшісі Наиль Нұров 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңызын ескере отырып, ашылу және жабылу салтанаты мен сайыс барысын әлемнің жетекші телеарналары арқылы тарату мәселесін де ортаға салды.

 

Біләл Ердоған тараптар арасындағы әріптестік қатынастың артқанын айта келе, көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Қазақстанның этноспорт қозғалысын әлемдік деңгейде насихаттаудағы ұтқыр жобаларының бірі екеніне айрықша мән берді.

 

Жиында Қазақстан делегациясының 16-18 ақпан аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны да нақтыланды. 

 

Ыстамбұлдағы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының кеңсесінде өткен кездесуге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев пен Қазақстан Республикасының Бас консулдығының өкілдері де қатысты.

 

2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатыспақ екен.

 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив