Көшпенділер ойынындары үшін қасиетті су Көккөл сарқырамасынан алынды
Дәстүр бойынша, Олимпиада, Азия және Дүниежүзілік Универсиада сияқты заманауи ірі спорттық жарыстардың барлығына дерлік пішіні жағынан әртүрлі, бірақ мазмұны біркелкі Алау Эстафетасы міндетті түрде кіреді.
Алғашқы үш Көшпенділер ойындарында басты қасиетті нышан және негізгі элемент Су болды.
Ойындар қарсаңында Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларында әсерлі театрландырылған іс-шара өткізу барысында жергілікті қасиетті бұлақтардың бірінен Дүниежүзілік ойындардың Ашылу рәсіміне апарылатын Су алынады.
Шығыс Қазақстан облысында мұндай орын Катонқарағай ауданында орналасқан. Алдымен патшалар жазығы, Берелде көшпенділер ойынына баратын елшілер мен батыр қыз абыз ақсақалдан бата алып, Алтай тауы, Мұзтау шыңына жақын Көккөл сарқырамасынан қасиетті суды торсыққа толтырып, 30-шы тамыз күні Өскемен қаласының орталық алаңына әкеліп, керуен құрамындағы делегация мүшелері Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанады. Көшпенділер ойындарының ашылу күні батырлар торсықтарды салтанатты орынға жеткізетін болады.