KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

13.11.2024, 20:30 146 Гульжан Мусина

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518  әскери бөлімінде екі жүзге жуық  сарбаз  Отан алдындағы борышын өтеп шықты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бір жыл бойы әскери өмірде шыңдалған мерзімдік қызмет әскери қызметшілері көп жылдық тарихы бар әскери ортада берілген тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді орындау барысында асқан жауапкершілік таныта білді. Шара барысында қызметтегі үлгілі  тәртібі үшін мерзімді әскери қызметшілерге  алғыс хаттар табысталды.        

- Отан алдындағы  борышын өтеп шыққан жігіттер Астана, Алматы, Қызылорда, Абай және Павлодар өңірінен шақыртылған болатын. Сарбаздардың біразы өмірлерін әскери саламен байланыстыруға ықылас танытуда. Әзірше, он бір азамат келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға ниет білдірді, - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев. 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, әскери бөлімге  сарбаздардың келесі легі Алматы, Жетісу  өңірлерінен келеді. Олар келер жылдың  желтоқсан айынан бастап әскер қатарына алынбақ.  Әскери қызметшілердің айтуынша, сарбаздар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу кезінде моральдық, сондай-ақ  физикалық жағынан  шыңдалып, өзіне жүктелген барлық қызметтік тапсырманы жоғары деңгейде   орындаған.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу