KZ
Өскемен
-19°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.65 589.06 6.49

Өскеменде «Emeralds» тұрғын үй кешенінің 103 үлескері зардап шекті

28.01.2026, 20:30 153 Қуаныш Рахметоллаұлы

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында жеке инвестициялар есебінен 36 тұрғын үй кешені, яғни, 58 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. 2025 жылы осы нысандар бойынша 8 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Қазіргі таңда облыс тұрғындарына 1,8 млрд теңге зардап келтірген «Emeralds» тұрғын үй кешені бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, қала аумағында үлестік құрылысқа қатысты екі проблемалық нысан бар. Олар — «Emeralds» және «Astoria» тұрғын үй кешендері.

– «Emeralds» тұрғын үй кешені бойынша компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен олар бас бостандығынан айырылды. Бұл нысан бойынша 103 үлескер зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,8 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толықтай тоқтап тұр. Нысанды аяқтау мәселесі арнайы құрылған комиссияда қаралуда, - дейді ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдинов.

Ал «Astoria» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жобаға жаңа инвестор тартылып, бүгінде ғимараттың қаңқасын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Аталған тұрғын үй кешенін 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік 2025 жылы лицензия талаптарын бұзған құрылыс ұйымдарына қатысты 156 әкімшілік іс қозғалып, 28,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, құрылысқа берілген 7 лицензияның күші жойылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу