KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде заңсыз салынып жатқан көпқабатты үйлер анықталды

Фото: egemen.kz

26.08.2023, 14:30 506

Өскемен қаласында заңсыз салынып жатқан көпқабатты 4 үй анықталды.
Бүгінгі таңда ШҚО-да коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда табыс табу мақсатында жосықсыз құрылыс салушылар да пайда болған. Олар ешқандай рұқсат құжаттарын алмастан, үлескер тартып, көпқабатты үй салып жатыр.

ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, Өскеменде көпқабатты 4 үйдің құрылысы заңсыз жүргізіліп жатыр. Олардың бірі – Красин көшесі, 11В мекенжайында орналасқан «Grand Residence» тұрғын үй кешені. Тапсырыс беруші – «MRS Company» ЖШС.

  "Бүгінде компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құрылысқа тыйым салынды. Егер құрылысты тоқтатпаса, сот шешімі мәжбүрлі түрде орындалады. Екінші үй – Көкжал Барақ көшесі, 19/2 мекенжайында орналасқан «Оазис-4» тұрғын үй кешені. Тапсырыс беруші «Selam KZ» ЖШС заң шеңберінде жауапқа тартылды. Үшінші үй – 19-шы шағын ауданның «Арай» тұрғын аймағындағы №59 құрылыс учаскесінде салынып жатыр. Тапсырыс беруші «Дейнека» компаниясы құрылыс жүргізу лицензиясынан айырылды. Ал төртінші үй – «Renesans» тұрғын үй кешенінің құрылысына тапсырыс берген «Elit Stroy Group» ЖШС де әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Барлық үйлер бойынша құрылысты тоқтатуға қатысты сот шешімі шықты", делінген ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу