Коммерциялық көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бақылау күшейді
2024 жылдың 7 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы құрылыс сапасын бақылауды күшейту туралы тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Altainews.kz.
Қазіргі уақытта облыс орталығының аумағында 29 көпқабатты тұрғын үйдің (КТҮ) құрылысы жүргізілуде. Басқарма тұрақты түрде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарының сақталуын бақылау мақсатында коммерциялық көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына мониторинг жүргізіп отырады.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында, бірқатар тұрғын үй кешендері бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсатсыз, пәтерлерді тікелей брондау арқылы сату туралы жарнама таралғаны анықталды:
1. ЖК «Grand Residence»;
2. ЖК «Ray residence»;
3. ЖК «Tumar Towers Oskemen»;
4. ЖК «МУЗТАУ»;
5. ЖК «AB-Residence»;
6. ЖК «Satti City 2»;
7. ЖК «Renesans»;
8. ЖК «Park Line».
Биылғы жылдың басынан бері Басқарма Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін 7 ұйымды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тізімдегі тұрғын үй кешендері:
1. ЖК «Astoria»;
2. ЖК «Delux Town»;
3. ЖК «Emeralds»;
4. ЖК «Renesans»;
5. ЖК «AB-Residence»;
6. ЖК «Tumar Towers»;
7. ЖК «Grand Residence».
Бүгінгі таңда 7 тұрғын үй кешені бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптарының бұзылғаны анықталды:
1. «9 қабатты тұрғын үй, поз.85, И. Есенберлин даңғылы бойында»;
2. ЖК «Astoria»;
3. ЖК «Asyl Tau»;
4. ЖК «Шаңырақ»;
5. ЖК «Музтау»;
6. ЖК «Krilova» (жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу);
7. ЖК «Emeralds» (жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу).
Құрылыс сатысындағы тұрғын үйден пәтер сатып алуды жоспарлау кезінде үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттың бар-жоғын тексеруді АО «КЖК» тұрғын үй порталының (homeportal.kz) сайтында өз бетінше жүзеге асыруға болады. Брондау келісімшарттары заңсыз болып табылады және ол құжаттарда көрсетілген мерзімдерде де тұрғын үйді алу кепілдігін бермейді.
Көп жағдайда құрылыс салушылар пәтерлерді премиум класқа жатқызылған тұрғын үй ретінде жарнамалайды, алайда жобалық құжаттама бойынша тұрғын үйдің класы жарнамаға сәйкес келмеуі мүмкін. Тұрғын үй класы ҚР 3.02-101-2012 ҚНжЕ* «Көпқабатты тұрғын үйлер» құжатына сәйкес анықталады, бұл құжатта тұрғын үйдің класына байланысты тұрақ орындарының саны көрсетілген.
Сол себепті пәтер сатып алу кезінде ресми құжаттарға (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, бекітілген эскиздік жоба, жобалық құжаттама) сүйенуді, тек жарнамалық мәліметтермен шектелмеуді ұсынамыз.