Қандай мекемелерде қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігі бар?

Фото: Shutterstock.com
ШҚО-да бір құрылыс мекемесінде "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі бар.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы "ВВД-Құрылыс" ЖШС құрылыс мекемесінде "Diamond" ТК құрылысына "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ-ның кепілдігі бар. Бұл туралы облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, ШҚО МСҚББ "AsilЖолGroup" ЖШС-нің ("Sana" ТК) нысанына қатысты ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Аталған істің материалдары облыс орталығының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.
Айта кетейік, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес, үлестік қатысу үш тәсілмен ұйымдастырылады: құрылыс мекемесі "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ бірыңғай операторымен кепілдік шартын жасасуы керек, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу керек, үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуы керек.