KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
525.11 546.74 4.88

Үлескерлік құрылысқа қатысу: нені білу керек

12.06.2024, 12:31 194

Тұрғын үй сатып алу – көп адамдар үшін өзекті мәселе. Баспанаға қол жеткізудің кең тараған түрі үлескерлік құрылысқа қатысу. Алайда бұл ретте бірқатар маңызды жайттарға назар аудару керек.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқарасы (МСҚББ) өңір тұрғындарына үлескерлік құрылыс үш жолмен жүзеге асырылатынын хабарлайды:

  1. Бірыңғай оператордан кепілдік алу ("ҚТК" АҚ кепілдігін алуды талап етеді);
  2. Екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу (ЖАО рұқсаты қажет);
  3. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту (ЖАО рұқсаты қажет).

Қазір Өскемен қаласының аумағында үлескерлердің қаражатын тартуға «ҚТК» АҚ-ның кепілдігі «Жаным» тұрғын үй кешені мен «Sparkle Diamond» тұрғын үй кешені бойынша ғана берілген.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарын бұзғаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен (МСҚББ) сегіз ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, атап айтқанда:

  1. «Astoria» ТК;
  2. «Delux Town» ТК;
  3. «Emeralds» ТК;
  4. «Renesans» ТК;
  5. «AB-Residence» ТК;
  6. «Tumar Towers» ТК;
  7. «Grand Residence» ТК;
  8. «Премьера» ТК.

Биыл облыстық МСҚББ-мен «Ray residence» тұрғын үй кешені бойынша «DALA SK GROUP» ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Бүгінгі таңда төрт тұрғын үй кешенін салу үшін құжаттардың толық пакеті жоқ, оның үшеуі шұңқыр қазу кезеңінде тоқтатылды:

  1. «Astoria» ТК;
  2. «Asyl Tau» ТК;
  3. «Шаңырақ» ТК.
  4. «Krilova» ТК (ЖСҚ-дан ауытқу).

Салынып жатқан тұрғын үйден баспана сатып алуды жоспарлаған кезде әр азамат аталған құрылысқа ақша тартуға тиісті рұқсаттың бар жоғын «ҚТК» АҚ-ның тұрғын үй порталынан (homeportal.kz) өз бетінше тексере алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу