KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Күршімде Мұратбек Дуановты еске алу турнирі өтті

28.11.2019, 11:51 139

Күршім ауданында еліміздің білім беру ісінің құрметті қызметкері, самбо күресінен КСРО спорт шебері Мұратбек Дуановты еске алуға арналған республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жарысқа республикамыздың бірқатар облысынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданы мен қаласынан 150-ге тарта балуан қатысты. Осы ретте самбо күресімен жастайынан шұғылданған Мұратбек Базархатұлы ел біріншіліктері мен облыстық жарыстарда жүлдегер атанғанын айту керек. Кейін спорттың осы түріне жастарды баулыған.

Республикалық жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімі Дулат Қажанов Мұратбек Дуановтың аудан спортының дамуына қосқан үлесі жайында айтып, саңлақтарға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Тарбағатай ауданы, еліміздің құрама командасы, Павлодар облысы мен Күршім ауданының балуандары өзара бөлісті. Чемпиондар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар аталған турнир енді жыл сайын өткізілетінін айтуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив