KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде спорт лигасы мәреге жетті

21.05.2023, 10:54 144 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында оқушылар арасындағы спорттық шаралар маусымын қорытындылады. Өскемен қаласының білім беру мекемелері арасындағы қалалық спорт лигасының қорытынды іс-шарасы «Восток» стадионында өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл спорттық шараға қаланың 48 мектебі қатысып, 9-11 сынып оқушылары үздік спортшыларын сынға салған. Мектеп оқушылары спорттың тоғыз түрі бойынша сайысып, жеңіс тұғырына таласты. Олар баскетбол, волейбол, шағын футбол, гандбол, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, 3х3 баскетбол, үстел теннисі қатарлы танымал спорт түрлері бойынша өзара мықтыны анықтады. Жеті мың оқушыдан озып шыққан жүйріктерді қала әкімі құттықтап, қорытынды іс-шара барысында марапаттады.

– Құрметті жастар, оқушылар, сіздерді бүгінгі мектеп лигасының жабылуымен құттықтаймын. Біз спорттың бірнеше түрінен мектеп лигасын өткіздік. Бұл жарысқа мектептер түгелге дерлік қатысып, 7000 оқушы өзінің бағы мен бабын сынға салды. Осы тұрғыда жаттықтырушылардың да еңбегі зор екенін ескеріп, алғыс айтамын, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Осылайша оқушылар арасында өткен спорттық сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей иеленді. Ал екінші орынды №48 қосымша білім беру мектебі-орталығы еншілесе, үшінші орынды №47 орта мектебі қанжығалап қайтты. Жеңімпаздарды марапаттауға арналған қорытынды шарада №12 мектептің «Чир-хип-хоп» чирлидерлері және «Шығыс Қазақстан облыстық каратэ шинкиокушинкай федерациясы» ҚБ шинкиокушинкай каратэшылары өнер көрсетті. Ал осыдан кейін Өскемен қаласының танымал блогерлері мен мектеп лигасының жеңімпаздары футболдан жолдастық кездесу өткізіп, сайысқа түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив