KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды

28.11.2022, 16:00 1 615 Ләззат Қанатқызы

ҚР “Балалар жылы” аясында ұйымдастырылған қалалық «ІТ-хакатон» байқауы өз мәресіне жетті.

Хакатон "Шығыс" өңірлік әдістемелік орталығының,  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің және Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы қолдауымен Өскемен қалалық "Білім-Инновация" лицейі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Хакатон күндері аясында еліміздің IT саласындағы жетекші мамандармен дәрістер мен әңгімелер өткізді.

Байқауға Өскемен қаласының 120-дан астам оқушылары қатысқан.

Жас ғалымдар жалпы техникалық тапсырмаға сәйкес сайт ашу және мобильді құрылғыларға қосымша жасау бойынша ашық сайысқа түсті. Әділ қазылар алқасына өз жұмыстарын таныстыра отырып, финалға 5 команда өтті.

Нәтижесінде «ZeroTwo» (Өскемен қалалық НЗМ) 1 орынды қанжығасына байласа,«WENOMECHAINSAMA»,   «Bite Kids», «ОСШЛМФИ», «Team Spirit» командалары 2 орынды иеленді, ал «4PDA», «Light_dv», «Три кота», «Нитроглицерин», «White and black», «MindBox», «ATA», «Барыс», «NCS», «Python» командалары 3 орынға жайғасты.

«IT-хакатон» қатысушыларының барлығы арнайы сертификаттармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив