ШҚО-да 216 жедел жәрдем көлігі жаңартылды - Даниал Ахметов
Шығыс Қазақстанның ауылдарындағы медициналық мекемелер жабдықталып, жоғары деңгейге көшірілмек. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникация орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.
Соңғы 5 жылда облыстағы медициналық мекемелерге халықаралық стандарттарға сай 3 мыңнан астам заманауи жабдықтар сатып алынған. Бұл жоғары технологиялық медтехниканың көлемін 2,5 есе арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Жедел жәрдем көліктерінің паркіндегі 216 автомобиль жаңартылды.
- Сондай-ақ, ауылдардағы медициналық мекемелерді жабдықтап, оларды жоғары деңгейге көшіру бойынша шаралар қабылдануда, - дейді Даниал Ахметов.
Семей қаласындағы ядролық медицина және онкология орталығы базасында Қазақстандағы тұңғыш радионуклидтік терапия бөлімшесі ашылды. Онда қазіргі таңда 106 пациент емделіп, 378 пациент диагностикалық тексеруден өтті.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Семейдегі Перинатальді орталықтың базасында Катамнез және балаларды оңалту орталығын ашу жоспарланған.
Сонымен қатар, Өскеменде Гематология орталығының құрылысы жалғасуда. Жасушалық және гендік-инженерлік технологияларды пайдалану бұл жобаның бірегей ресурсы болады.
- Аймақта медициналық кадрларды шетелдік емханаларды емдеу бағдарламасы да қолға алынып, жалғасын тауып келеді. Олар онкология, кардиология, кардиохирургия, инсульттік орталықтар, нейрохирургия, медициналық оңалту, акушерлік, гинекология секілді басым бағыттар бойынша оқытылуда, - дейді аймақ басшысы.
Биыл қыркүйек айынан Израиль, Польша, Ресей (Татарстан) елдеріндегі жетекші емханаларда 60 маман оқуын бастаған екен.
Жалпы облыстағы денсаулық сақтау саласына инвестициялардың көлемі соңғы 5 жылда 135,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы жылғы инвестиция көлемі – 27,6 млрд теңге.