COVID-19: ШҚО-да 25 адамнан коронавирус анықталды
Елімізде өткен тәулікте 3095 тұрғын коронавирус жұқтырған. Соның ішінде Шығыс Қазақстандағы науқастар саны – 25, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 344 360-қа жетті.
Соңғы тәулікте анықталған науқастар:
Нұр-Сұлтан қаласында - 918,
Алматы қаласында - 694,
Шымкент қаласында – 78,
Ақмола облысында – 119,
Ақтөбе облысында – 47,
Алматы облысында - 101,
Жетісу облысында - 129,
Атырау облысында - 76,
Шығыс Қазақстан облысында - 25,
Абай облысында - 55,
Жамбыл облысында - 121,
Батыс Қазақстан облысында - 87,
Қарағанды облысында - 327,
Ұлытау облысында - 35,
Қостанай облысында - 55,
Қызылорда облысында - 63,
Маңғыстау облысында - 36,
Павлодар облысында - 67,
Солтүстік Қазақстан облысында - 40,
Түркістан облысында - 22.