KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша гранттар байқауы басталады

30.04.2019, 09:33 205

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша гранттар байқауы басталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл байқау Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға арналған «ӘРEKET» ауқымды жобасының бөлігі болып табылады. «Samruk-Kazyna Trust» Қоры биылғы жылы өтетін гранттар байқауына 150 миллион теңге бөлген екен. 

 Байқаудың шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн. теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең:

2019 жылдың 3-30 маусымы аралығында КЕҰ мүшелері гранттар байқау туралы ережеге сәйкес өтінім береді.  Конкурсқа қатысуға өтінімдер электронды түрде areket.skt@gmail.com пошта мекен-жайы бойынша қабылданады.

2019 жылдың 1-15 шілдесі аралығында «Samruk-Kazyna Trust» Қоры өтінімдердің алғашқы  іріктеуін жүргізеді.

Екінші кезең:

2019 жылдың 16 шілдесінен 1 тамызына дейін екінші кезеңге өткен КЕҰ байқау комиссиясы таңдап алатын толыққанды өтінімдерді ұсынады.  Байқау комиссиясы құрамына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, әлеуметтік және бизнес секторының сарапшылары кіреді.

Үшінші кезең:

2019 жылғы 13-16 тамыз аралығында іріктеу қорытындысы бойынша КЕҰ әлеуметтік әсер ету, инновация, өзін-өзі қамтамасыз ету, қаржылық тұрақтылық, бизнесті жоспарлау, PR және маркетинг және т.б.  қамтитын үш күндік «Инкубатор»  білім беру бағдарламасына қатысып, одан әрі байқау комиссиясының алдында жобаларын қорғауға жалғасады.

 Жобалар қорғалғаннан кейін байқау комиссиясы әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобаларын жүзеге асыратын грант алушыларды анықтайды.

Гранттар байқауы басталғанға дейін бір ай ішінде «Samruk-Kazyna Trust» Қорының өкілдері  барлық өңірлерде ақпараттық кездесулер өткізеді:

13 мамыр - Қызылорда;

14 мамыр - Талдықорған, Түркістан;

15 мамыр - Шымкент, Орал, Қостанай;

16 мамыр - Көкшетау;

17 мамыр - Алматы;

20 мамыр - Ақтөбе;

21 мамыр - Атырау;

22 мамыр - Қарағанды, Тараз;

24 мамыр - Ақтау;

27 мамыр - Петропавл;

29 мамыр - Павлодар;

31 мамыр - Өскемен;

3 маусым - Нұр-Сұлтан.

 

Гранттар байқауы мен өзге де қосымша ақпарат www.sk-trust.kz/ru сайтының «ӘРЕКЕТ» бөлімінде берілген.

Жобаның кезеңдері және өтінімдерді толтыруда туындаған сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (7172) 57 63 05, 24 80 14, 57 65 41 (қоңыраулар сағат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) немесе сауалыңызды areket.skt@gmail.com электронды поштасына жолдауға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив